$ 480.55  533.75  5.36

Еркектер қарап тұрған: Тағы бір әйел бұрынғы күйеуінен аяусыз таяқ жеді

Бұл адамдар лифтте талай зорлық-зомбылыққа куә болған. Дені сау адам мұндай әрекетті көргенде көмекке асығады. Тек біздікілер емес.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифтінің жанында әйелді аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

НеМолчи қоғамдық қоры желіде таратқан видеодан ер адамның әйелді соңынан қуып келіп, ұрып-соғып, тепкілегенін байқауға болады. Сол сәтте лифт күтіп тұрған 2 жігіт жағдайды жай ғана бақылап, әйелге көмек қолын созбаған. 

«Бір ер адам әйелді ұрады. Екеуі жай ғана қарап тұрады. Бұл жағдайға тағы қандай түсініктеме бере аламын? Бәрін өздеріңіз көріп отырсыздар. Негізі әйел бұл еркекпен ажырасқан, алайда ол оны ұстап алып, ұрып-соғады. Кадрдан оны тоқтатқан бірде-бір адамды көрмедік. Жай ғана ер адамның қолын ұстап, артқа қайырғандай сыңай танытқаннан басқа ештеңе істемеді. «Екі жігіт бұл іске қорыққанынан араласпады» деп ақтамаңыздар. Бұл – жай ғана олардың күнделікті көріп жүрген көрінісі. Бұл адамдар лифтте талай зорлық-зомбылыққа куә болған. Дені сау адам мұндай әрекетті көргенде көмекке асығады. Тек біздікілер емес», – деп жазды НеМолчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.

«Әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары