$ 494.87  520.65  4.91

Әйелінің омыртқасын сындырған: Атыраулық шендіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық істің қаралып жатқанын растады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Атырау облысындағы аудан әкімінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аудан әкімінің бұрынғы жұбайы әкімдікке жүгінбеген.

«Азаматша А.Үмбетқалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Туындаған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық істің қаралып жатқанын растады.

«Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 29 мамырда сағат 10:00-де өтеді», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тағы бір шенеуніктің әйелі күйеуі ұрып-соққанын айтып, мемлекеттен көмек сұрады (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары