$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астанада найзағай күтіледі.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудындарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, облыстың таулы аудандарында бұршақ. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 

Астанада найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары