$ 494.87  520.65  4.91

«Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды»: Бетперделі жігіт жертөледе тұратын отбасыны қуантты

Қыздың айтуынша, анасы еден жуушы болып жұмыс істейді, ал сіңілісі эпилепсиямен ауырады.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Жұмбақ жігіт бұл жолы жертөледе тұратын отбасыға қуаныш сыйлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған 12 жастағы Кәусар отбасының қазіргі тұрмысы туралы баяндап берді.

Қыздың айтуынша, анасы еден жуушы болып жұмыс істейді, ал сіңілісі эпилепсиямен ауырады.

"Жертөледе тұрамыз. Көп қиындық болады. Ішімдік ішкен адамдар кіріп кетеді. Құбыр атылып кетеді. Тарақандар бар. Анама қалай қиын екенін түсінемін. Алайда қолымнан ештеңе келмейді. Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды", - дейді ол.

Бетперде киген жігіт оған баспананың кілтін табыс етті.

"Сіздер жаңа пәтердің иесі атандыңыздар", - деді қайырымды жігіт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары