$ 479.38  531.63  5.27

Украинаның кәсіпқой боксшысы Александр Усик ауыр салмақта абсолютті чемпион атанды (ВИДЕО)

Бұл бокс кешінде атақты футболшы Криштиану Роналду да болды.

19 мамырға қараған түні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта боксшы Александр Усик ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін Тайсон Фьюримен рингке шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тоғызыншы раундта Александр Усик қарсыласын нокдаунға түсіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды. Әділқазылардың ұпайлары әртүрлі болды. Қалай болғанда да, Усик жеңімпаз. Ол төрт белбеу дәуіріндегі бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы. Фьюри үшін бұл оның мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.

Енді келісім шартқа сәйкес Усик пен Фьюри осы жылдың екінші жартысында реванш өткізеді, бірақ IBF титулынсыз. 

Сонымен қатар бұл бокс кешінде атақты футболшы Криштиану Роналду да болды.

Фото: Instagram/trboxe

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары