БҚО-да Атырау облысындағы су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысына келесі жолда шектеу қойылды.
Су басу қаупіне байланысты Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы «Атырау-Орал» тасжолының үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.
Су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
«Атырау-Орал» автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін); «Атырау-Орал» автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы;БҚО-да Атырау облысындағы су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысына келесі жолда шектеу қойылды:
«Атырау-Орал» автожолының 189-492 шақырымы, Орал қаласы - Атырау облысы шекарасы учаскесі.