$ 480.55  533.75  5.36

Дзюдодан ӘЧ: Абиба Әбужақынова екі дүркін қола жүлдегер атанды

Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте 4-орында келеді. 

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден "иппон" әдісімен басым түсті. 

Осылайша, Абиба әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын. 

Айта кетелік, Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте 4-орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары