$ 474.72  515.17  5.58

20 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. 

"Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты ҚР аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу құбылысы тән, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыс, солтүстік өңірде тұман болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі жоғары, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары