20.05.2024, 11:20

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты

Фото: stan.kz коллажы

Иран мемлекет басшысымен бірге болған Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да көз жұмған.

Көршілес Әзербайжанда су бөгетін ашу салтанатына қатысып, елге қайтып келе жатқан Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апаты салдарынан қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Иран мемлекет басшысымен бірге болған Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да көз жұмған.

Иран президенті мінген тікұшақ Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеганда апатқа ұшыраған еді. Тікұшақтағылардың барлығы да мерт болған дейді.

Сондай-ақ тікұшақта Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.

Мұны Иранның Mehr агенттігі мен атын жасырын қалдыруды сұраған шенеунік растады.