$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Сотта сөз алған ол көз жасына ерік берді. 

Фото: КазТАГ
Фото: КазТАГ

Мақсұт Исахов 2023 жылы 20 шілдеде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот үкім шығарып, Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Исахов 8,5 жылға сотталды. Ол бұған дейінгі сот отырыстарында өзінің кінәсіз екенін айтып, жарыссөзде судьядан ақтауды сұраған еді.

Мақсұт Исаховқа қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына екі жүз мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталды. Әкімнің орынбасары бұл қылмысты жасамағанын алға тартады. Сотта сөз алған ол көз жасына ерік берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары