Ернұр Тәкенов есімді қазақ жігіті Сеулдің Мендон көшесінде әндеткен.
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында көшеде ән салған қазақ баласының дауысы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео әлеуметтік желіде лезде тарап, қолданушылар арасында жақсы ықыласқа ие болды. Онда Ернұр Тәкенов есімді қазақ жігіті Сеулдің Мендон көшесінде әндеткен.
Ол Батырхан Шүкеновтің "Отан ана" әнін орындаған.
Ал желі қолданушылары Ернұрға ризашылық білдіріп, өз тілегін жазды.
"Қазақстанда талант көп қой", "Осы әнді жақсы көремін", "Денем тітіркеніп кетті", "Бәрекелді, бақытты бол", "Тек ту жетіспейді", "Тілімі қандай әдемі, сөздері мағыналы", "Биіктей бер", - деді жұрт.