$ 494.87  520.65  4.91

Әлемге әйгілі компания Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді

Сот отырысы 5 маусымға белгіленді.

Фото: Robert Alexander/Getty
Фото: Robert Alexander/Getty

Атақты швейцариялық сағат шығаратын Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді. Ведомство өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді. Бұл компания өкілдері Астананың мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түсірген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрлік мәліметінше, 2023 жылғы 19 маусымда Қазақстан азаматы Ш.-ның Cosmo тауар белгісін тіркеген. Сол жылдың қыркүйегінде Rolex SA өкілі, патенттік сенім білдірілген Т. атынан осы тауар белгісінің күшін жоюға қарсылық түскен. Шетелдік компания өкілдерінің айтуынша, отандық тұтынушылар Cosmo сауда белгісін швейцариялық Rolex SA компаниясымен байланыстырады.

Әкімшілік процедуралар шеңберінде Әділет министрлігінің апелляция алқасы бұл қарсылықты қарап, оны өзгеріссіз қалдырды.

2024 жылдың 20 ақпанында апелляция кеңесі Cosmo сауда белгісінің күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдады.

«Қарсылықты қараған орган апелляциялық кеңес мүшелерінің пікірінше, Rolex SA компаниясының Cosmograph сауда белгісі мен Cosmo сауда белгісін тұтынушы бір деп қабылдауы мүмкін емес», - деп түсіндірді Әділет министрлігі.

Қазіргі кезде Rolex SA өкілі әкімшілік іс жүргізу аясында апелляция шешіміне шағым түсірді.

20 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті, сот отырысы 5 маусымға белгіленді.

«Мұндай дау-дамайлар ерекшелік емес екенін және апелляциялық кеңестің шешімдеріне шағымдану әдеттегі тәжірибе екенін ескеру керек. Мысалы, 2023 жылы 87 шешімнің 21-і бойынша сот тәртібінде шағым жасалған», - деп түсіндерді Әділет министрлігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары