$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Ер адам мен қыз әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодарда 51 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық есік жағдайында қаралды. Белгілі болғандай, оқиға 2023 жылдың шілде айында болған. Тергеу мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз павлодарлық дәмханалардың бірінде тәжірибеден өтіп, ол жерде аспаз болып жұмыс істейтін ер адаммен танысқан.

Ер адам мен қыз әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген. Артынша ер адам қызға бірге тұруға ұсыныс жасаған. Қыз ұсынысты қабылдапты. Екеуі дастархан жайып, ішімдік ішкен. Артынша жәбірленуші ұйықтамақ болғанда, ер адам оны зорлаған.

 Жәбірленушінің достары оның зорланғанын айтып, көмек сұрағанын ұялы телефонындағы хабарламаларымен көрсеткен. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді, – деп атап өтті Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов.

Сотта 51 жастағы ер адам өз кінәсін мойындамады. Ол қыздың кәмелетке толмағанын білмегенін айтты.

Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мен жәбірленушінің өзі мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.

Оны Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деді судья.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары