Жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.
Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызы бар тауарларды (ӘМАТ) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.
Агенттік анықтағандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.
Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.