Оған қоса, әскерге керек зат алу үшін ақша сұратқан. Осылайша бала бірнеше несие алған.
Бұдан бір апта бұрын Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжан қайтыс болған еді. Марқұм жігіттің туысқандары сұхбат беріп, оқиға туралы толық баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
«Күнде бастан ұрып, ішімізден тебеді»: Әскерде әлімжеттік көрдім деген 20 жастағы сарбаздың ісін тоқтатқан Жетісу облысында әскерге барғанына 3 ай болған сарбаз қайтыс болдыДосымжан Сәлімжан 2005 жылы 1 қазанда Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Сарбаздың туған ағасының әйелі Ақниет Суюнгалиева оның қандай болғанын айтып берді.
"Мінезі қатты, мықты жайдары бала, ақкөңіл еді. Әскерге былтыр 11 қазанда өз еркімен кеткен. Алғашқы кезеңдері бәрі жақсы болған, шағымы болмады. 2024 жылғы 3 мамырда таңертең анасына қоңырау шалып, "Мама, ауырып тұрмын, кеудем қысып тұр, қызу бар сияқты" деді. Анасы "Дәрігерге барып қарал" деді. Біраздан соң сержант қонырау шалып, "Баланыз аурып қалды, азқазаны ауырып тұрған сияқты, тамақ ішпегеннен шығар. Қазір дәрігер тексеріп жатыр" деді. Сәлден соң өзіміз қоңырау шалдық, "Апа, сіздің балаңызды Алматыдағы әскери госпитальға жедел алып бара жатыр" деді. Содан хабарсыз кетті. Кешке ғана подполковник Руслан Жылқыбаев қоңырау шалып, "Бәрі жақсы, қазір дәрігерлер асқазанын тазалап жатыр, жара бар сияқты" деді. Бірақ біз сонда да Алматыдағы туысқанымызды ауруханаға жібердік, ол баланың жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Сонда кім кімді алдап отырғаны белгісіз! Ата-енем сол күні түнде Алматыға ұшты", - деді Ақниет Суюнгалиева.
Баланың анасының айтуынша, лейтенант сарбазды ұрып, өз жұмысын істетіп қойған. Оған қоса, әскерге керек зат алу үшін ақша сұратқан. Осылайша бала бірнеше несие алған.
"Өлім қорытындысы бойынша жүрегі тоқтап қалған. Сот-медициналық сараптама әлі шықпады, 1-2 ай уақыт алады деді. Бізге тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кінәлі адамға, яғни лейтенант Ш. Жанботаға санкция жарияланып, ол ұсталған. 4 куәгер сұралып жатыр", - деді Ақниет Суюнгалиева.
Марқұм сарбаздың жеңгесінің айтуынша, тергеушілер күдіктінің ұсталғанын ауызша ғана айтып, ешқандай құжатпен растамаған.