$ 465.28  499.2  5.33

Футбол: Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға тізімі жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасы 2 маусымда Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Армения мен Әзербайжан командаларымен болатын жолдастық матчтарға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ел құрамасы 7 маусымда Армениямен Еревандағы В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда, 11 маусымда Әзербайжан құрамасымен Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында ойнайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы - «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (барлығы - «Тобыл»), Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (барлығы - «Ақтөбе»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі - «Ордабасы»), Әділхан Добай («Жетісу»), Михаил Габышев («Елімай»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Максим Самородов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов (барлығы – «Ақтөбе»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Куат (екеуі де – «Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов (барлығы - «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»), Абат Аймбетов («Адана Демирспор», Түркия).

Жалпы тізімге 34 ойыншы енді. Команданың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2 маусымда Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары