Санасына бермесе, санына қарамайды.
Ерке есімді нумеролог өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында көзге шөп салуға ыңғайлы жандардың сандары жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол екілік санындағы әйелдер мен еркектердің ерекшеліктеріне тоқталды.
"Көзге шөп салатындардың басым көпшілігі осы сандарда дүниеге келеді. Екілік санында дүниеге келген адамдар дипломатияға өте жақын. Адамдардың жанын тез түсінеді. Бірақ адамдардан өте тез жалығады. Екіліктердің қыздары өте сұлу, табиғатынан өте әдемі болады және ол адамдар жігіттерді өздеріне көп ғашық етеді. Ал жігіттері өздеріне не керегін білетін қызддарды ұнатады", - деді нумеролог.
Ал желі қолданушыларының бірі оның бұл тұжырымдасын растаса, енді бірі "санасына бермесе, санына қарамайды" сарынында пікір жазып жатыр.
Дереккөз: KYN.KZ