$ 494.87  520.65  4.91

«Қайрат Сатыбалдыға қатысты тіркелген қылмыстық іс жоқ» – ҚМА

Ол процесс барысында тағылған айыпты мойындады.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Бүгін Мәжіліс кулуарында агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қаржы мониторингі агенттігінде Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс қаралып жатпағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қайрат Сатыбалдыға қатысты біздің ведомствода тіркелген қылмыстық іс жоқ», - деді Елемесов.

Еске салсақ, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың 26 қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің екі бабы «алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылған болатын. Ол процесс барысында тағылған айыпты мойындады.

2024 жылдың сәуірінде Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс сотта қаралды. Бұл жолы Қайрат Сатыбалды қылмыстық кодекстің 218-бабы негізінде айыпталған. Бұл бапта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру әрекеті көрсетілген. Сот барысында Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындап, прокуратурамен процестік келісім жасауға келісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары