Үштен бірінен астамы (35,7%) сот процессі туралы білген, бірақ бақыламаған.
2024 жылғы 8-15 мамыр аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы түсінік» деген тақырыпта сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы DEMOSCOPE сайтына сілтеме жасай отырып.
Зерттеу тұрмыстық зорлық-зомбылық және оның алдын алу шаралары туралы қоғамның пікірін, сондай-ақ бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тараптарға қолдау көрсету деңгейін зерттеген.
DEMOSCOPE зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 45,1%-і Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыру әділ жаза деп санайды. Респонденттердің 19,4%-і 15-20 жылға бас бостандығынан айыруды, 9,5%-і 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, 1,4%-і шартты түрде соттауды және айыппұл салуды қолдаған, - деп жазады сайт.
DEMOSCOPE мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жартысынан көбі (52,5%) жалпы сот процессін бақылаған. Үштен бірінен астамы (35,7%) сот процессі туралы білген, бірақ бақыламаған. Респонденттердің 10,9% сот процесі туралы алғаш рет естіген.
Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 2024 жылдың 13 мамырында 24 жылға сотталған болатын.