22.05.2024, 12:40

Атақты Шымкент сыра зауытын Баян Алагөзованың күйеуі иеленді

Фото: alash.kz

Тұрсын Алагөзов сыра бизнесінен бөлек 8 зауытқа басшылық етпек.

Танымал Шымкент сыра зауытын Тұрсын Алагөзов иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ, Тұрсын Алагөзов сыра бизнесінен бөлек 8 зауытқа басшылық етпек.

Бизнес-реестрге сәйкес, актив Тұрсын Алагөзовтың меншігіне бір апта (13 мамырда) бұрын өтті. Бұған дейін 2021-2024 жылдар аралығында зауытты Ғалымжан Есенов пен Марғұлан Сейсембаевтың бизнес-серіктесі саналатын Тимур Жаңабаев иеленген болатын. Жаңабаевқа дейін кәсіпорын «АТФ Банк» АҚ-ға тиесілі болды, – делінген Telegram-дағы Shishkin_like арнасының жарияланымында.