22.05.2024, 13:00

«Өз еркімен 120 миллиард теңге қайтарды»: Қайрат Боранбаевқа қатысты тағы екі іс қозғалды

Фото: inform.kz

Ол негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді.

Олигарх Қайрат Боранбаевтың үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша Боранбаевтың үстінен қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Боранбаев негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді. Сонымен қатар 120 миллиард теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы 134 миллиард теңгені қайтарды. Бірақ қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр, тағы біраз өтемақыны қайтаратын шығар. Ол бюджет қаражатын жымқырды, сонымен қатар салықтан жалтарды деген күдікке ілінді, – деді қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәжіліс алаңында.