Онда бірқатар кездесу өткізеді.
Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.