$ 495.2  522.34  4.94

Қазақстан-Ресей шекарасында қылмыс әлемінің серкесі Степан Фурман ұсталды

Оған қатысты қылмыстық іс 2019 жылы қозғалған. 

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Қазақстан-Ресей шекарасында қылмыс әлемінің серкесі Степан Фурман ұсталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ресейлік полицейлерден қашуға тырысқан. Степан Фурманға қатысты қылмыстық іс 2019 жылы қозғалған. 

Степан Фурманға Интерпол халықаралық іздеу жариялаған. 2021 жылы ол Португалияда ұсталып, 2022 жылы Ресейге экстрадицияланған болатын.  

Биыл 20 мамыда жалпы юрисдикцияның екінші апелляциялық сотының (Санкт-Петербург қаласы) сот алқасының отырысы өтті, ол соттың басқа құрамымен сотталушыға қатысты қылмыстық істі жаңа сот талқылауына беру туралы шешім қабылдады. Алайда, 19 мамыр қарсаңында Фурман Ресей Федерациясынан қашып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары