$ 498.34  519.72  4.85

«Ешкімнің жүйкесі шыдамас»: Нүкенованың ағасы апелляцияға дайын екенін айтты

Одан не шығатынын көрерміз.

 

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді апелляцияға дайын екенін, сотқа әдеттегідей қорғаушылармен қатысатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз үкімге шағым түсетінін білдік. Сондықтан әу бастан апелляцияға дайын болдық. Өзім апелляцияға қатысамын, оған менің толықтай құқығым бар. Қорғаушылар да болады. Одан не шығатынын көрерміз. Алайда  желіде бәрі күліп жатқандай «телехикаяның екінші маусымы» бола қояды деп ойламаймын. Егер қарапайым сот болатын болса, әуелі апелляциялық сот өтіп, кейін Жоғарғы сот, одан әрі іс конституциялық сотқа берілетін еді, яғни бір емес, төрт сот болатын еді. Оған ешкімнің жүйкесі шыдамас», - деді Салтанаттың ағасы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, алқабилер соты кезінде апелляция процесі анағұрлым оңай әрі тез өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары