Оқиға Нұра ауданында болған.
Астана қаласында жеке сот орындаушы азаматтың баласына аударған алиментін өзіне қолданып отырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласының прокуратурасы хабарлағандай, оқиға Нұра ауданында болған. Бұнда жеке сот орындаушы борышкердің ақшасын баланың анасының есепшотына емес, өз ұлының шотына аударғаны анықталды.
Жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Анықталғандай, жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды, - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Қазір жеке сот орындаушысына қатысты «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны» үшін қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.