24.05.2024, 11:40

«Намыссыздар»: әйеліне екінші күйеу сыйлаған ер адам халықтың сынына ұшырады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан кадр

Бұған дейін күйеуіне тоқал сыйлаған әйелдің видеосы тараған еді. Бірақ ол видеодан жағымсыз пікірден қарағанда жағымды пікір көп жазылды.

Іnstagram әлеуметтік желісінде келіншегіне екінші күйеу сыйлаған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео түрлі пабликтерде жарияланған. Кадрда ер адам сыйлық қорапшасын ашып, ішінен басқа бір ер адамды шығарады. Желі қолданушыларының кейбірі бұны пранк десе, енді бірі бұны намыссыздыққа теңеп жазды.

Еске сала кетейік, бұған дейін күйеуіне тоқал сыйлаған әйелдің видеосы жарияланған болатын. Бірақ ол видеодан жағымсыз пікірден қарағанда жағымды пікір көп жазылды.