24.05.2024, 13:20

Бахтиер Зайнутдинов футболдан Түркия кубогының жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/bateka_

Қазақстандық футболшының жарақаты жуырда ғана жазылды. 

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов cтамбұлдық «Бешикташ» командасымен бірге Түркия кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

23 мамырда Стамбұлда өткен Түркия кубогының финалында «Бешикташ» футболшылары «Трабзонспорға» қарсы ойнады. Кездесу нәтижесінде «Бешикташ» 3:2 есебімен басым түсті.

Жеңімпаздар сапынан Рашид Геззаль (45+3 минутта, пенальтиден), Салих Учан (54-минутта), және Аль-Мусрати (94-минутта) cалды. Ал «Трабзонспордан» Пол Онуачу (13-минутта) және Николя Пепе (89-минутта) ептілік байқатты. Бахтиер Зайнутдинов қосалқы құрамда болды және алаңға шықпады. Қазақстандық футболшының жарақаты жуырған ғана жазылды. 

Түркия кубогы Зайнутдиновтің «Бешикташ» сапындағы алғашқы трофейі. Зайнутдинов стамбұлдық клубта 2023 жылдан бері ойнап келеді.