$ 480.55  533.75  5.36

«Реал Мадрид» әлемнің ең қымбат клубы атанды

Енді ол Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануы мүмкін.

Фото: vseprosport.kz
Фото: vseprosport.kz

Испанияның «Реал Мадрид» клубы үшінші жыл қатарынан ең қымбат клубтар рейтингінде бірінші орынға шықты. «Реал Мадрид» 1981 жылдан бері Чемпиондар лигасының финалында жеңілген емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Forbes басылымның жазуынша, Мадрид қаласы клубының құны – 6,6 млрд доллар.

Биылғы маусымда клуб Испания чемпионы атанды. Енді ол Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануы мүмкін.

Рейтингте екінші орында «Манчестер Юнайтед» клубы келеді. Бұл клубтың бюджеті 6,55 млрд доллар болып шықты. Қазір команданың Англия чемпионатындағы жағдайы мәз емес. Клуб 1990 жылдан бері ең нашар ойынын көрсетіп отыр.  Соған қарамастан ағылшындардың жасағы рейтингтегі екінші орынды сақтап қалды.

Команда Англияның премьер-лигадамсында сегізінші орынға ие болды. Оның үстіне Еуропа кубогына жолдама алмады. Бірақ Англия кубогының финалында «Манчестер Ситиді» жеңсе, Еуропа лигасында ойнай алады.

Үшінші орынды осы маусымда бірде-бір жүлдеге алмаған «Барселона» (5,6 млрд доллар) сақтап қалды.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» клубы – Испанияның 35 дүркін чемпионы, Король кубогының 14 дүркін иегері. 12 рет Испания Суперкубогын, бір рет Лига кубогын, Чемпиондар лигасын 14 рет жеңіп алған. Оның ішінде Чемпиондар лигасы Еуропа чемпиондарының кубогы болып тұрғанда жарысты қатарынан бес рет, кейін қазіргітатауына ие болғанда қатарынан үш рет жеңімпаз атанған. Клубтың президенті – Флорентино Перес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары