$ 480.55  533.75  5.36

Головкин шешіп кетті. Өзбекстан мен Қазақстан арасында бокста кім мықты

Өзбектер жұмыла жұмыс істейді, олар жеңіске аш болып тұрады.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Бұрынғы кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко Өзбекстан мен Қазақстан боксы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Виталий Демьяненко айтуынша, өзбектер жеңіске аш боп тұрады. Алайда салыстырмалы түрде қарағанда көршілес елде біздегідей даңқты боксшылар жоқтың қасы. 

Әуесқой туралы көп ештеңе айта алмаймын, бірақ кәсіпқойда бәрі салыстырмалы түрде. Өзбектер жұмыла жұмыс істейді, олар жеңіске аш болып тұрады, өздерін боксы дамыған ел позициясында ұстайды. Бірақ, бізде де жаман емес, әуесқойда да, Олимпиадаға бізде де лицензия көп. Кәсіпқойда да кем емеспіз. Елеусіновті мысалға алайық, бізде бірқатар саңлақтар бар. Головкинді айтайықшы! Оларда осындай деңгейде боксшы бар ма?, деді кәсіпқой боксшы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Белгілі журналист Қазақстан құрамасының өзбектерден артта қалғанынын айтып қынжылды 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары