$ 475.39  513.37  5.4

Қайрат Сатыбалдының құдасы салдырған мешіттің ашылуына шетелден келген әйгілі қазақ кім?

Ол миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын өз қолымен жазып шыққан. 

Фото: SN.KZ коллажы
Фото: SN.KZ коллажы

Қайрат Сатыбалдының құдасы, Форбс тізіміне енген олигарх Серікжан Сейітжанов салдырған мешіттің ашылуына Құран жазған әйгілі қазақ келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы alash.kz сайтына сілтеп.

Сауд Арабиясында миллиондаған тиражбен шығатын Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан каллиграф Шейх Осман Тоха (ұлты қазақ) Шымкент қаласына келіп, Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысты.

Зәулім мешіттің  ашылуында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәртебелі мейман Осман Тоһа ақсақалға құрмет көрсетіп, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалін кеудесіне тағып, иығына шапан жапты.

Қазақстан – жүрегінде Құранға деген махаббат бар халық екен. Осындай халықтың ортасына келгеніме қуаныштымын. Екінші қуанышым – бабамның кіндік қаны тамған жеріне алғаш рет келуім. Баршаңызға алғысымды айтқым келеді, - деді Шейх Осман Тоха.

Жасы 90-ға келген каллиграф Сауд Арабиясында тұрады. 1934 жылы Сирияда туып-өскен шейх Осман Тоханың тамыры қазақ.​​​ Әкесі – шейх Абдо ибн Хусейн Тоха мешіт имамы және уағызшы болған. Каллиграфия ережесін әкесінен үйренген. 1988 жылдан бастап Сауд Арабиясындағы Король Фахдтың Құран баспаханасында қызмет етті.

Осы уақыт ішінде ол Құранды 20 түрлі қисса (риуаят) бойынша өз қолымен жазып шыққан және оның бірнеше тілдегі аудармаларын да жазған. Шейх Осман Тоха жазған Құран кітабы Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығады.

«Шейхтың келуі және үлкен мешітіміздің ашылуына қатысуы – бүкіл қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш және құрмет!» - делінген Отырар басылымы жариялаған хабарламада. 

     

Мешіттің құрылтайшысы атақты миллионер әрі меценат  Серікжан Сейітжанов. Қайбір жылы Сейітжановтар Қайрат Сатыбалдының қызын келін етіп түсіріп, Шымкентте астатөк той жасап, тойды Тұрсынбек Қабатов басқарып, қонақтарға  бірнеше тонна торт таратылған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 12
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары