$ 481.84  531.33  5.07

Қарағандыда әйел адам 50 теңге үшін оңбай таяқ жеді

32 жастағы әйел ауруханаға түсті.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қарағандыда әйел мен ер адам 50 теңге сұрағаны үшін аяусыз соққыға жығылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Пришахтинк ауданындағы «НАН» дүкенінінің жанында болған. Көшеде әйел мен ер адам өтіп бара жатқан кісіден 50 теңге сұраған. Бірақ ол ақша  беруден бастар тартады. Сонда әйел оған қолын сілтейді. Бұл әрекетке қарсылық ретінде жүргінші  әйелді жұдырықпен соғады. Әйел жолдың жиегіндегі шығып тұрған тас қоршауға желкесімен құлап есінен танып қалған. Ал оның жанындағы ер адам жаңағы жүргіншімен төбелесе кеткен.

Куәгерлер жедел-жәрдем шақырған.

32 жастағы әйел ауруханаға түсті. Полиция істің тіркелгенін және соққыға жыққан ер адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары