$ 494.87  520.65  4.91

Алматы зообағы Чехиядан алдырылған ақ аюдың өлгенін жасырған

Томның көбеюіне жағдай жасалуы керек еді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Прага зообағының директоры Мирослав Бобектың айтуынша, ақ аю 4 мамырда өлген, ал зообақ бұл жөнінде 22 мамырда ғана хабар берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ақ аюдың күтімі дқрыс болмағаны үшін әрі өлімін 18 күн бойы жасырғаны үшін Алматы зообағын айыптады. 

Қазір Алматы хайуанаттар бағындағы жағдай біздікіне қарағанда жақсы. Томның көбеюіне жағдай жасалуы керек еді. Том бізден 28 наурызда ешқандай ауру белгілерінсіз кетті. Біздің білуімізше, Алматыға еш қиындықсыз жеткізілді. Кейін Алматыдан суреттер мен жазбаша есептерді алдық. 15 сәуірдегі соңғы хабарламада "аюдың жағдайы жақсы" екені айтылған, – деді Бобек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары