$ 494.87  520.65  4.91

«Анамды іздегеніме 6 айға жуық уақыт өтті»: Жәнібек Жұмағұлов алдағы жоспарымен бөлісті

Ол Қазақстанға келу үшін 6 ай бойы табысын үнемдеп, ақша жинаған.

Фото: muratsaveliev
Фото: muratsaveliev

Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұлов (Джани) Қазақстанда туған анасын әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жағдай мен алдағы жоспарларын бөлісті.

Туған анамды іздегеніме 6 айға жуық уақыт өтті. Анамдай болып кеткен Қымбат апайым (Қымбат Досжан) және әпкемдей болған Әсел және Арқалық полициясы іздеуді тоқтатқан емес. ДНҚ зерттеулері үздіксіз тапсырылып, тексеріліп жатыр. Мен үшін маңызды саналған осынау іздеу жұмыстарына атсалысқан  барша жанашырларыма алғыс айтамын, - деп жазды ол.

Жазбадан Жәнібектің жағдайы мәз емес екенін байқауға болады. Десе де әлі де жақсы жаңалықтардан үмітті екенін білдірді.

Өзіме келер болсам, кейінгі кезде жағдайым жақсы болды деп айта алмаймын. Асырап алған анамның денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр. Мен оған екеуміздің бірге жариялаған алдыңғы бейнеролигіміз үшін сіздердің жазған жүрекжарды пікірлеріңізді оқып бердім. Бірақ мұның бәрі уақытша көңілін аулау екенін түсінемін.

Жоспарым туралы айтар болсам, алдағы уақытта менің балалық шағымнан (балалар үйі) хабар беретін әдемі және қызықты бейнебаян жариялаймын. Алла қолдасын, жақында өздеріңізбен қайта кездесемін деп үміттенемін!, - деп жазды ол Instagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, бельгиялық Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын табуға қатысты еліміздің Бас прокуратурасына өтініш жіберген еді. 

Жәнібек елімізге туған анасын іздеп келген және Қазақстанға келу үшін 6 ай бойы табысын үнемдеп, ақша жинаған. 21 жастағы азамат әлеуметтік желіде туған анасын іздеу туралы видео хабарламада өзін «Джани» деп таныстырған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары