27.05.2024, 10:20

Ақмола облысында мектеп өртенді

Фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Ақмола облысының Шортанды ауданындағы негізгі орта мектептердің бірі өртке оранды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, тілсіз жау 6 шаршы метр алаңды шарпыған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жануды жойып, өрттің бүкіл ғимараттың таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.