27.05.2024, 16:40

«Ұзабаев рұқсат берді»: Алматыда жүргізуші куәлігінсіз жүрген жасөспірім полиция басшысының атын айтқан

Фото: Видеодан кадр

Аталған оқиғаға байланысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді. 

Алматыда жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізіп, полицейлердің көзіне түсті. Ұсталған сәтінде ол көлік жүргізуге полиция басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев рұқсат бергенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған оқиғаға байланысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді. 

“Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұған қоса көлік жүргізу куәгілі және міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.