$ 494.87  520.65  4.91

«Жүрегім нәзік»: Тойда досына тілек айтқан жігіт жылап қалды (ВИДЕО)

Талай қиындықтан бірге өткені көрініп тұр.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тойда досына тілек айтқан жігіттің видеосы тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазба кадрларынан тойда тілек айтып жылаған азаматты байқауға болады.

"Мен Фархадтың сыныптасымын, колледжде бірге оқыдық", - деп көз жасына ерік берді ол.

Мұны көрген желі оқырмандары той иесінің досының ақкөңілділігіне риза болды

"Талай қиындықтан бірге өткені көрініп тұр", "Жүрегі жұмсақ, аппақ адамдар жылайды", "Досының қуанышының көз жасы", "Жүрегі тірі адамдар аз ғой қазір", "Досы үшін қуанып тұрған болар", "Жан достар болып тұр ғой", - деп жазды жұрт.

Ал жігіттің өзі видеода көзіне неге жас алғанын түсіндірді.

"Жүрегім нәзік", - деп күлді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары