Еліміздің екі ірі мегаполисінде жауын-шашын болмайды.
2024 жылдың 28 мамыры мен 30 мамыры аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы құбылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, елордада қар жауады, еліміздің екі ірі мегаполисінде жауын-шашын болмайды.
Астанада:
28 мамыр – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°С, топырақ бетінде -1°C аяз, күндіз +12+14°C;
29 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С;
30 мамыр – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бұрылған жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +14+16°С.
Алматыда:
28 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С;
29-30 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бұрылған жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +20+22°С.
Шымкентте:
28-29 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С;
30 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +27+29°С.