$ 495.2  522.34  4.94

Алматы полициясы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Қазақстанның Бас прокуратурасы 28 мамырда қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД

Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбековтің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында "Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновты азаптау бойынша тергеу аясында Әбілбековтің сотқа тартылуы мүмкін" деп жазды.

Қазақстанның Бас прокуратурасы 28 мамырда қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.

Өздеріңізге белгілі, Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі. Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Әбілбеков ұсталды, - деп түсіндірді қадағалау органы.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

2022 жылдың қаңтар айының басында қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен Қазақстанда ұсталған болатын. Оның қатысуы расталмағандықтан кейін ол босатылды. Сонымен бірге ол полицияның азаптағанын мәлімдеді. Кейінірек белгілі болғандай, музыкант ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін Астананың Алматы аудандық сотына ҚР Ішкі істер министрлігіне қарсы шағым түсірген. Алайда талап-арыз қабылданбады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары