$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде атыс болды: жараланғандар мен қаза тапқандар бар

Таңертең дәрігерлер жарақат алған науқастардың жағдайы бірқалыпты екенін айтты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбеде атыс болды. 8 адам жарақат алып, бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Диапазонға сілтеме жасап.

28 мамырда көпсалалы облыстық ауруханаға (БСМП) әртүрлі дәрежедегі пышақ және оқ жарақаттарын алған 9 науқас жеткізілді.

- Түнгі сағат 2 шамасында белгісіз біреулер клиникалық өлім жағдайындағы жігітті жеткізді. Ол бірден реанимация бөлімшесіне жатқызылды, реанимациялық іс - шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмады, науқас қайтыс болды, ол 18 жаста еді, - деді ШЖҚ "көпсалалы облыстық аурухана" МКК травматология бөлімінің травматолог-дәрігері Жаслан Урумбаев.

Таңертең дәрігерлер жарақат алған науқастардың жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Бұл іс бойынша полиция төрт күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  

Бұл іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары