$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін ауа райы қалай құбылады?

Республика бойынша желдің екпін алуы тән, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ түседі.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон республикамыздың батыс және оңтүстік өңірлерінде өз әсерін сақтап, күн райы жауын-шашынсыз болады.

"Еліміздің қалған аумағы әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, күн райы жауын-шашынды болады. Алматы облысының тауларында, түнде ҚР шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің екпін алуы тән, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ түседі, батыс, оңтүстік-батыс өңірлерде қатты жел соғады, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Мамандардың болжамынша, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, Абай облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары