$ 494.87  520.65  4.91

«Мені қорқытып жатқан адамдар бар»: Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция туралы айтты

Қазір өнеркәсіпті қорғау мен сақтауды 10 мыңнан астам адам қолдап отыр. Олардың пікірін не істейміз?

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Утильалым бойынша петицияға қатысты 5 шілдеде маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистер  министрден «Мемлекет басшысы утиль алымын алып тастау жөнінде шешім қабылдаса, сіз қарсы боласыз ба?» деп сұрады.

«Әрине, мен Президентке қарсы шықпаймын. Халықтың наразылығын жақсы түсінеміз, алайда қоғамның өзге өкілдерінің пікірін тыңдамаймыз ба? Қазір өнеркәсіпті қорғау мен сақтауды 10 мыңнан астам адам қолдап отыр. Олардың пікірін не істейміз? Менің ойымша, петиция механизмі нақты демократияның көрсеткішін көрсетіп отыр ғой. Утильалымға қатысты мәселені шешу үшін заң аясында жұмыс істеуіміз керек. Мен TikTok желісінде бірнеше видео мен пікірді көрдім, мені қорқытып жатқан адамдар бар. Менің айтарым — әр мәселені, қоғамның проблемаларын заң аясында шешуіміз керек», — деді Шарлапаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 28
Күлкілі 28
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары