$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ермек Сағымбаев:

ведомствоның биыл жыл басынан бері терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысының негізгі нәтижелері және алдағы кезеңде қабылданатын шаралар туралы баяндады:
      – осы уақыт ішінде екі лаңкестік шабуылдың жолы кесілгені туралы айтты. Оның біреуі шет мемлекетте шетелдік серіктестермен бірлесіп жасалмақ болған;
      – Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген қылмыстық істердің негізінде радикалды діни идеологияның 26 жақтаушысы лаңкестік және экстремистік әрекеттері үшін сотталған. Тағы 22 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр;
      – экстремистік көзқарастарына байланысты республикаға 139 шетелдіктің кіруіне жол берілмеген, 280-нен астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылған;
      – тыйым салынған діни әдебиеттерді елге заңсыз әкелуге қатысты 190-нан астам әрекетке тосқауыл қойылып, 19 шетелдік жауапқа тартылған;
      – заңсыз айналымдағы 237 атыс қаруы, 27 жарылғыш құрылғы, 4500-ден астам оқ-дәрі және басқа да террор құралдары тәркіленген;
      – жыл басынан бері 340-тан астам терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылған. Терроризмге қарсы күрес шараларын күшейту аясында ІІМ және ҰҚК күштері мемлекеттік және өзге де нысандарға, оның ішінде халық көп жиналатын орындарға 3400-ге жуық тексеру жүргізген;

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарындағы өзге де шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары