30.05.2024, 04:30

Қазақстандық үш теннисші «Ролан Гарростың» екінші кезеңіне өтті

Коллаж: sn.kz

Елена Рыбакина бірінші кезеңде бельгиялық Гритт Минненен басым түсті.

Францияның ашық біріншілігі - "Ролан Гаррос" турнирінде тағы үш қазақстандық теннисші екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик франциялық Грегуар Баррерді ұтты. Оның ендігі қарсыласы -Ян-Леннард Штруфф (Германия).

Юлия Путинцева америкалық Слоан Стивенсті екі сет қорытындысы бойынша жеңді. Келесі айналымда испандық Паола Бадосамен кездеседі.

Елена Рыбакина бірінші кезеңде бельгиялық Гритт Минненен басым түсті. Рыбакинаның келесі айналымдағы қарсыласы- нидерландтық Аранта Рус.