30.05.2024, 10:20

Құлсарыда өрт сөндіру бөлімінің командирі қаза тапты

Фото: Атырау облыстық ТЖД

Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау сержанты жұмыс кезінде көз жұмған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

29 мамырда Құлсарыда су сору бойынша жедел-құтқару жұмысы кезінде 23 жастағы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қаза тапты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз саласының маманы ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұм өрт сөндірушінің отбасына қолдау мен қажетті көмек беріледі", – деп хабарлады ведомстводан.