$ 486.65  524.46  5.05

«Сүйіктімнен зәбір көрдім»: Қызылордада жігіті зорлық көрсеткен бойжеткен полицияға шағымданды

Қинап, мені балтамен қорқытып, шығайын десем шыға алмаймын. Мен жүрмеймін сенімен дегенімде мені ұра бастады.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Қызылордада сүйген қызын пәтерге алдап апарып, зорлық көрсетіп, кейін сол сәттің видеосын таратамын деп қоқан-лоққы жасаған жігітке қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Қызылордалық бойжеткен «сүйіктімнен зәбір көрдім» дейді. Айтуынша, оны жігіті алдап үйіне шақырып, қорқытып, зорлық көрсеткен. Артынша жаздым-жаңылдым деп кешірім сұрапты. Бірақ уақыт өте келе түсіріп алған видеоны таратамын деп, қоқан-лоққы жасаған көрінеді.

 «Қинап, мені балтамен қорқытып, шығайын десем шыға алмаймын. Мен жүрмеймін сенімен дегенімде мені ұра бастады», - дейді жәбірленуші бойжеткен.

Ал жәбірленуші қыздың анасы жігіттің жазасын алуын талап етіп отыр.

Полиция департаменті бұл жағдайды растады. Тергеу амалдары басталған.

«Қылмыстық іс бойынша жан-жақты және объективті түрде тергеп-тексеру жүргізілуде. Нәтижесімен заңды шешім қабылданады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сай қылмыстық іс жүргізілу барысы тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайтынын хабарлаймыз», - делінген Қызылорда облыстық ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары