$ 487.24  529.34  5.02

Танымал медицина университетінің ректоры парамен ұсталды

Экс-ректор бұл қызметіне 2022 жылдың 7 қыркүйегінде тағайындалған.

Фото: Батыс Қазақстан медицина университетінің баспасөз қызметі
Фото: Батыс Қазақстан медицина университетінің баспасөз қызметі

Антикор М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры – оқу орнының басқарма төрағасы Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде “А.М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ басқарма төрағасының ұсталғаны расталды, - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде Әсет Қалиевтің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны және бір күн бұрын оның үйінде тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады.

Экс-ректор бұл қызметіне 2022 жылдың 7 қыркүйегінде тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары