$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік тілге құрметсіздік: Елордадағы павильонда қазақ тілі өрескел бұрмаланған

Қазақша қ, ғ, ұ, ү, ө, ә әріптерінің қолданылмаған, не айтқысы келгенін түсініксіз.

Фото: www.tourister.ru / Авторы Дмитрий Рослик
Фото: www.tourister.ru / Авторы Дмитрий Рослик

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің символы, «Нұр әлемі» шар тәрізді павильонында орналасқан инновациялық планшетте қазақ тілінің заңдылықтары өрескел түрде бұзылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құрылысына 13 мың тонна метал қолданылып,  2800 шыны панельмен қапталған сфера тек елорданың емес, еліміздің символына айналғаны белгілі. Павильонда қазіргі уақытта музей орналасқан және жергілікті, шетелдік барша туристерге есігі ашық.

Egov.press телеграм ақпараттық каналында осы «Нұр әлемі» павильонындағы инновациялық планшеттегі қазақ тілі бөлімін көрсеткен видео жарияланды. Видеоны түсірушы қазақ тіліндегі ақпараттардың түсініксіз жазылғанын, тіпті қазақша қ, ғ, ұ, ү, ө, ә әріптерінің қолданылмағанын, не айтқысы келгенін түсініксіз былдыр-батпақ жазылып тұрғанын көрсетіп, сынға алды.

Мемлекеттік тілге көрсетілген құрметсіздік пен өз ісіне жауапкершіліксіз қарағандардың сұрауын талап етер ешкімнің жоқтығынан ба, әлде қазақтілділер бұл планшетті ашып қарамайды деген үмітпен жасалған ба, белгісіз. Не де болса, еліміздің төрінде туған тілге жасалған қиянаттың көпшілік назарына ұсынылып тұрғанына биыл 7 жыл болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ЭКСПО