30.05.2024, 22:30

Тойында 3 бөлмелі пәтер ойнатқан экс-депутат мәлімдеме жасады

Фото: видеодан алынған кадр

Желі қолданушылары бұл тойды ысырапшылдыққа балады. 

50 жас мерейтойын астатөк той жасап, қымбат сыйлықтарға ұтыс ойнатып, атап өткен  экс-депутат мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мақсат Раманқұловтың мәлімдеме жасауына оның мерейтойы желіде қызу талқыланғаны себеп болды. Депутат қонақтарға автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы телефондар сыйлаған еді.

Желі қолданушылары бұл тойды ысырапшылдыққа балап, экс-депуттатың ақшаны қайдан алғанына шүйлікті. Осыған байланысты Мақсат Раманқұлов өз ойымен бөлісті.

Мерейтойыма қатысты ойыммен бөліскім келеді. Ең алдымен идеологиямызды өзгерту керек деп ойлаймын. Қазір адам табысты болса, демек жаман адам деп ойлайды. Ал жақсы адам болу үшін кедей және жылаңқы болу сияқты көріну керек,- дейді экс-депутат.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тасмағамбетов пен депутаттар барған ең қымбат тойда үш бөлмелі пәтер ойнатылды 

 Депутат Қазыбек Иса экс-әріптесінің аста-төк тойы туралы сұраққа қатты ашуланды (ВИДЕО)