Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.
Жамбыл облысының прокуратурасы бюджет қаражатынан 700 млн теңгені жымқырмақ болған 6 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.
«Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 млн теңгеден астам қаражатты енгізген. Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 млн теңге қаражат қарастырған. Алайда шығыстың осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған. Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды», - делінген хабарламада.
Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.