$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақмыста» қызмет ету үшін ақша қыстыру міндетті ме? Прокуратура тексерісті бастады

Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ұлытау облысында прокуратура "Қазақмыста" жұмыс істеу үшін пара беру керек деген деректі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында Сәтбаев қаласының 3 тұрғыны "Қазақмыс корпорациясына" жұмысқа орналастырамын деп уәде берген таныстарына алданып қалған. Олар полицияға арызданды.

Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келген.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ұлытау облысында осыған ұқсас дерек бойынша 17 тұрғын алаяқтық құрбаны болды. 2023 жылғы 7 қыркүйекте Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Байжанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Прокурорлар қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары